Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр

10.04.2024

Қостанай облысында Тобыл арнасына түсіп келеді. Ал Торғай өзенінің деңгейі тағы көтеріліп жатыр. 

Дәуренбек Әбдібек тілші Қайырлы күн! Торғайдың қайта көтерілуіне Жангелдин ауданының солтүстігіндегі Қоңыраулы өзенінің тасуы себеп. Сол нөпір су Жаркөл ауылының тұсынан қарт Торғайға келіп қосылып жатыр. Мұның басты қаупі онсыз да 30-дан астам үйін су басқан Жаркөлге төнеді. Және Жангелдин ауданын сыртпен байланыстыратын жалғыз тас жолды шайып кетуі мүмкін. Мен жаңа ғана аудан басшыларымен сөйлестім, жерігілікті азаматтар күні түні топырақ үйіп, топан судың жолды шайып кетпеуіне мүмкіндік бермей тұр. Ауданда әлі 10 ауылда жарық жоқ, 9 ауылмен қатынас үзілген. Ол елді-мекендерге керек – жарақ тек әуе жолымен жеткізіліп жатыр. Сондай-ақ ауданға 25 киіз үй жеткізіліп, баспанасынан айрылғандарға бөлініп берілді. Ауданда шамамен 80 – ге тарта үйге су кірген.


Дәуренбек Әбдібек

Хабарламаларға жазылу