Канар аралдарының жағалауында 73 мигрант құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Канар аралдарының жағалауында 73 мигрант құтқарылды

05.04.2024

Испанияның теңіз сақшылары Канар аралдарының жағалауында 73 мигрантты апатты жағдайдағы ағаш қайықтан құтқарып алды. Олардың арасында балалар да бар.

Еуропа одағының «Фронтекс» шекара агенттігінің мәлімдеуінше, Атлантикадағы Канар бағытындағы су жолы қазір қарбалас болып тұр. Онымен «Қарт құрлыққа» аттанатындардың көбі - Батыс Африка елдерінің тұрғындары.

Испания сыртқы істер министрлігінің дерегінше, былтыр бұл жолмен Еуропаға 2100 адам барса, биыл қаңтардан сәуірге дейін сондай мигранттардың саны 13 мыңнан асып кеткен.


Хабарламаларға жазылу