«Астана Балет» театры гастрольдік сапарға аттанады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Астана Балет» театры гастрольдік сапарға аттанады

03.04.2024

«Астана Балет» театры Almaty Theatre сахнасында өнер көрсетеді. Гастрольдік тур сәуірдің 7-сінде басталып, 16-сына дейін жалғасады. Бұл туралы «Астана Балет» театрының директоры Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында мәлімдеді. Александр Совостьяновтың айтуынша, бұл гастрольдер театр үшін емтихан тапсырумен бірдей. Бағдарламада театр залында балет әртістерінің қатысуымен бірге ұйымдастырылатын Ethno Fashion ballet іс – шарасы жоспарланған.

Бұдан бөлек, концертте би дәстүрлері туралы, ұлттық костюмнің тарихы мен қазақ мәдениетіндегі маңызды бейнелер көрсетіледі.


Хабарламаларға жазылу