Шымкентке гастрольдік сапармен «Астана Балет» театры келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шымкентке гастрольдік сапармен «Астана Балет» театры келеді

01.10.2015
Шымкентке гастрольдік сапармен «Астана Балет» театры келеді

«Астана балет» театрының ұжымы шуақты өлкенің тұрғындарына «Шығыс рапсодиясының» жаңартылған бағдарламасын ұсынбақ. Сондай-ақ, бағдарламаға қазақстандық хореографтардың жаңа шығармалары да енген.

«Шығыс рапсодиясы» - қаймағы бұзылмаған классика мен қазіргі заманғы биді біріктіретін балеттік дивертисмент. Мұнда халық әуендері мен қазіргі заманға бейімделген классикалық және заманауи шығармалар қойылады.

«Астана балет» хореографиялық ұжымы әртістерінің орындауындағы «Шығыс рапсодиясы» әуен мен костюмдердің сұлулығымен, хореографтардың бай фантазиясымен, бишілердің ғажап та дәл қимылымен, әралуан образдардың тереңдігімен ерекшеленеді.

Театр ұжымы жастығына қарамастан, әлемнің көптеген әйгілі сахналарында өнер көрсетіп келген.

Олар қазақстандық көрермендерін қазіргі заманғы хореография мен классикалық мұраның үздіктерімен таныстыруды ең басты мақсат деп санайды. Сонымен қатар, би өнеріне деген сүйіспеншілікті қалыптастыруды көздейді, деп хабарлайды Оңтүстік қазақстан облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі.

 

Хабарламаларға жазылу