Министр: Су қоймаларының жұмысы бақылауда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Министр: Су қоймаларының жұмысы бақылауда

03.04.2024
0:00:00
0:00:00

Ақтөбе облысындағы ең ірі «Ақтөбе» су қоймасы 89 пайызға толған. 27-інші наурыздан бері бұл жерден 246 миллион текше метр су жіберілген.

Өңірге жұмыс сапарымен барған Су ресурстары және ирригация министрі жағдайдың бақылауда екенін жеткізді. Су қоймасынан секундына 500 текше метр су жіберіліп жатыр. Облыс аумағындағы Қарғалы су қоймасына тағы 180 миллион текше метр су келуі мүмкін. Сондықтан бұл нысандардың жұмысын үйлестірудің маңызы зор, - деді министр. Қазгидромет болжамы бойынша, 5-інші сәуірге дейін еріген қар суы көп жиналады.

Нұржан Нұржігітов, ҚР су ресурстары және ирригация министрі:

Жұмыстың арқасында Елек өзеніне суды бұрғанда көп шығынның алдын алдық. 30 наурыздан бастап су көлемі азайған жоқ. Сондықтан Қарғалы мен Ақтөбе су қоймасының жұмысын бірге қарап, реттеуіміз керек.


Хабарламаларға жазылу