4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды– ҚР АШМ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды– ҚР АШМ

29.07.2016
4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды– ҚР АШМ

Қазіргі таңда Қазақстанда шамамен 4 мың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер электронды сандық қолтаңба алды. Бұл туралы «Ақпараттық-есептік орталық» АҚ басқарма төрағасы Жанасыл Оспанов ОКҚ-да өткен баспасөз конференциясында мәлім етті, -деп хабарлады Pm.kz.

«Ақмола облысында 59 астық қабылдау кәсіпорны тіркелді, СҚО-да – 49, Қостанайда – 43, БҚО-да – 13, ШҚО-да – 9 яғни бес ірі астық өндіруші облыста 173 астық қабылдау кәсіпорны тіркелген», - деп мәлімдеді ол.

Осылайша, ЖАО ақпараты бойынша, 209 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорнының ақпарттық жүйеде жұмыс жасау үшін 196 астық қабылдау кәсіпорны электронды сандық қолтаңба алды, сондай-ақ 4 мыңға жуық ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер де электронды сандық қолтаңба алды.

Оның айтуынша, астық қоймаларының жалпы сыйымдылығы 14 млн 839 мың тоннаны құрайды, көрсетілген бес облыстағы астық қоймаларының сыйымдылығы 13 млн тоннаны құрайды немесе барлық астық қоймаларының 88%, олардың 194-інде немесе жалпы санының 90%-да кірме теміржолдар, былайша айтқанда желілік элеваторлар бар.

«Астық иелері үшін жүйеге қол жеткізуін қамтамасыз етудің жылдық абоненттік төлемі жылына 1 АЕК-ті құрайды, яғни, бұл ағымдағы жылы 2121 теңге, ал астық қабылдау кәсіпорны үшін ол 36 АЕК құрайды, яғни шамамен 76 мың теңге. Жүйеге қолжетімділікке келісімшарт электорнды форматта порталда ЭСҚ арқылы жасалады», - деді ол.

Сонымен бірге, сарапшының айтуынша, барлық операциялар: сатып алу, сату, кепілге тапсыру, бөлу, шоғырландыру, сатуға шығару, астық қолхаттарын өтеу жүйеде тегін жүргізіледі, яғни тек жылдық абоненттік төлем ғана төленеді.

Хабарламаларға жазылу