Түркістан облысында өзендер мен қоймаларда су деңгейі көтеріліп, қауіп төндіріп тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркістан облысында өзендер мен қоймаларда су деңгейі көтеріліп, қауіп төндіріп тұр

30.03.2021

Түркістан облысында соңғы үш тәулікте жауын-шашынның көп болып, өзендер мен су қоймаларының деңгейі көтеріліп кеткен. Сөйтіп елді мекендерге қауіп төндіріп отыр. Мамандар Шардара су қоймасы 96 пайызға толып тұрғанын айтады. Нөсерлі жауын шашыннан Боралдай, Арыс, Бөген су қоймаларының да деңгейі көтерілген. Осыған байланысты аймақта тасқынның алдын алу шаралары қолға алынып, дайындық пысықтала бастады.

Ерік Сарыбаев, облыстық ТЖД бастығының орынбасары:
Негізінен бізде қауіп бұл таулы аймақтар, аудандар болып отыр. Бұл Қазығұрт, Түлкібас, Төле би және Бәйдібек аудандары. Сонымен қатар Арыс өзенінің Сырдария аумағына барып құятын Отырар ауданында да егер бір мезетте су көп келетін болса, біршама елді мекендерге қауіп төнуі мүмкін.

Айнұр Ақбаева

Хабарламаларға жазылу