Қостанай облысының тұрғындарына еріктілер көмек көрсетіп жатыр
Бұл тікұшақ Қостанай облысының Амангелді ауданынан 82 адамды Арқалық қаласына жеткізді. Оның 34-і бала. Ал, Арқалықтың өзінде тасқынының зардабын жоюға еріктілер жәрдемдесіп жатыр. Жүзге тарта студент үйлердің ауласын қардан тазалап, құрғатуда. Ағын судың жолын бөгеу үшін құм толтырылған қапшықтар төседі. Ал Амангелді ауданында жеке кәсіпкер тасқынға қарсы күресіп тыным таппай жүргендерге ыстық тамақ әкеліп үлестірді. Облыс орталығында бірнеше гуманитарлық көмек қабылдау орталығы ашылды. Мұнда әркім өз мүмкіндігіне қарай жылы киім, гигиеналық заттар, төсек орын, азық-түлік, құрал сайман әкеліп тапсыра алады. Жиналған көмектің алғашқы легі тасқыннан зардап шеккен аудандарға жөнелтіліп жатыр.
Байболат Сегізбаев, студент:
Қапшықтарды жібердік құм салуға, күректерді жібердік. Қолымызда не бар соның бәрін жіберіп жатырмыз. Сол жақта біздің еріктілеріміз бар. Штаб ашылды. Солардан кімге не керек екенін біліп, сол керек нәрсеніә тауып беріп жіберуге тырысып жатырмыз.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ардагерлер кеңесі 5 жылдық жоспарын бекітті
16.05.2026, 20:13
Зиянды шегірткелерді улауға дрондар қолданылады
16.05.2026, 20:12
Жыл бойы жұмыс істейтін тынығу лагері ашылды
16.05.2026, 20:10
Президент «Кітап оқу мәдениетін дамыту және зерделі ұлт қалыптастыру жөніндегі шаралар туралы» туралы Жарлыққа қол қойды
16.05.2026, 20:09
Ауыл балаларына арналған заманауи технологиялық орталық ашылды
16.05.2026, 20:08
LRT алғашқы жолаушыларын тасымалдады
16.05.2026, 20:08
Қызылордада 600 отбасы баспаналы болды
16.05.2026, 20:04
Қазақстан инвестицияны көбірек тартуға ниетті
16.05.2026, 20:03