Аманқарағай ауылының тұрғындары эвакуацияланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аманқарағай ауылының тұрғындары эвакуацияланды

04.09.2022

Өрт шалған орманға жақын орналасқан ауылдардағы тұрғындар қауіпсіз елді-мекендерге эвакуацияланды. Әулиекөлге жеткізілген тұрғынның бірінен жағдайды сұрап білдік.

Петр Сафронов, Аманқарағай ауылының тұрғыны:
Мен Аманқарағай ауылының тұрғынымын. Бізді Әулиекөлге жеткізді. Әулиекөл ауылының тұрғындарына және жедел әрекет етіп жатқан жандарға алғыс білдіремін. Ыстық тамақпен қамтамасыз етіп, медициналық-психологиялық көмек көрсетті.

Қостанай облысының тұрғындары да қалыс қалмай, табиғи өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетуде. Екі сағат бұрын әкімдік алдынан гуманитарлық жүк тиелген көлік жөнелтілді.

Айнұр Уразбаева, Қостанай облысы әкімдігінің Қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ басшысының орынбасары:
Бүгін Қостанай облыстық Қазақстан Халқы ассамблеясы этномәдени бірлестіктерімен, қала тұрғындарымен бірлесе отырып өрт апаттарынан зардап шеккендерге гуманитарлық, қайырымдылық көмекті көрсетіп жатыр.


Хабарламаларға жазылу