Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты 8600-ден аса ерікті көмек көрсетіп жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты 8600-ден аса ерікті көмек көрсетіп жүр

11.04.2024

Ақтөбе облысында су тасқынына байланысты 8600-ден аса ерікті көмек көрсетіп жүр. Бұл туралы аймақтың еріктілер өңірлік штабының өкілі Мирхан Ермағанбетов айтты. Оның сөзінше, волонтерлер аймақтағы 6 ауданға бөлініп, панасыз қалған жандарға күні-түні қолдау көрсетуде. Олардың күшімен әрбір облысқа 174 тонна азық-түлік, 65 тонна көрпе-төсек жеткізілген. Қазіргі кезде еріктілер құтқару жұмыстарына белсене араласып, жұмыстарды жүйелі атқарып келеді деді.

Мирхан Ермағанбетов, Ақтөбе облысының еріктілер өңірлік штабының өкілі:

Еріктілердің қазіргі уақытта бірінші күннен бастап жұмыс жасауда. Мына Ақтөбе қаласының тағы 6 ауданында 8600-ден асады. Олар жүйелі көмек көрсетіп келе жатыр халыққа, тұрғындарға.


Хабарламаларға жазылу