Қазақстандық еріктілер қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандық еріктілер қолдан келгенше көмек көрсетіп жатыр

19.03.2020

Болашақ дәрігерлер де коронавирусті алдын-алуға күш салып жатыр. Елордадағы медициналық универститеттің 10 студенті өз еркімен денсаулық сақтау министрлігіне көмек көрсетуге ниет білдірген. Жастардың негізгі міндеті елге келіп жатқан жолаушылардың сауалнамалары арқылы жеке деректерін жинауға, тізімін дайындауға көмектесу. Осылайша, студенттер ұшақтан түскендер жайлы ақпарат жинап, құзырлы мекемелерге жеткізіп отырады. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін департамент маска, қолғап және дезинфекциялық құралдармен қамтамасыз еткен. Жастар кезектесіп, күні-түні жұмыс істейді. Мәселен, кеше түні бойы үш рейстің жолаушылары туралы мәлімет жинақтады.

Ал көптеген саланың қызметкерлері вирусты емдеу шараларына бір күндік жалақыларын аударып жатыр. Олардың қатарында полицейлер, құтқарушылар, Ұлттық ұланның әскери қызметшілері бар. Болат Өтемұратов қоры болса, эскспрес тест алуға 200 миллион теңге бөлді. Сондай-ақ шетте жүрген туристерге байланыс желісін тегін пайдалануға мүмкіндік берілді. Осылайша, қазақстандықтар қатерлі вирусты емдеу үшін қолдан келгенше көмек беріп жатыр.

Раушан САЙЛАУ


Хабарламаларға жазылу