Брюссельде Палестинаны қолдауға арналған шеруге 7 500 адам қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде Палестинаны қолдауға арналған шеруге 7 500 адам қатысты

18.03.2024

Брюссельде Палестинаны қолдауға арналған шеруге 7 500 адам қатысты. Палестинаның жалауын көтерген демонстранттар «Геноцидті тоқтатыңдар», «Палестинаға еркіндік», деп ұрандатып, жаяу шерулетті. Наразылық акциясына жиналғандар Бельгия үкіметінен Газадағы атысты тоқтатуға күш салып, Израильге экономикалық және дипломатиялық қысым көрсетуді талап етті.

Тибо Вангерм, «Палестинаға еркіндік» қоғамдық ұйымының белсендісі:

Бейбіт халық қырылып жатыр. Бұл әділетсіздік. Еуропа басшылары, Байден, Британия үкіметі қол қусырып отырмай, Газадағы соғысты тезірек тоқтатсын. Талабымыз осы.

Крис Морен, Брюссель қаласының тұрғыны:

Палестинада адам құқы аяққа тапталып жатыр. Атысты тоқтатып, адамдарға азық-түлік жеткізу керек. Халықаралық қауымдастық күш біріктіруі тиіс .

Нұрсұлу Қасым

Хабарламаларға жазылу