Мыңдаған адам Палестинаны қолдап, шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мыңдаған адам Палестинаны қолдап, шеруге шықты

30.10.2023

Пәкістан астанасы Исламабадта мыңдаған адам шеруге шығып, Палестинаға қолдау білдірді. «Газа маршы» атты митингке жиналған жұрт Палестинаның туын ұстап, Израильге қарсы ұрандар көтерді. Демонстранттар Пәкістан үкіметін палестиналықтарға көмектесуге шақырды.

Айта кетсек, мұндай акциялар соңғы күндері әлемнің бірталай елінде өтті. Австралияда, Ұлыбританияда, АҚШ-та, Түркияда, Араб елдерінде, Жаңа Зеландияда және тағы мемлекеттерде өткен шерулерге жүздеген мың адам қатысып, Израильден Газаны бомбалауды тоқтатуды талап етті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу