ҚазАвтоЖол: 6 өңірде қалың тұман түседі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ҚазАвтоЖол: 6 өңірде қалың тұман түседі

09.03.2024

Еліміздің 6 облысында қалың тұман түседі. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» өкілдері мәлімдеді. Қостанай, Ақтөбе, Қызылорда, Маңғыстау, Ақмола облысы мен Астана қаласында тұман түсіп, жол көрінбей қалуы мүмкін. Ал Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады деген болжам бар. Сондықтан «ҚазАвтоЖол» жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтап, сақ болуды ескертеді.

Нұрсұлтан Тілектес


Хабарламаларға жазылу