Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

11.12.2019
Еліміздің бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Ауа райының бұзылуына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды. 

12 желтоқсанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді. Осы күні Орал қаласында түнде және таңертең тұман түседі. 

12 желтоқсанда Түркістан облысының басым бөлігінде және Түркістан қаласында тұман болады. Шымкент қаласында да кей уақытта тұман түседі. 

12 желтоқсанда Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Күндіз бұрқасын көтеріледі. Оңтүстік және оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Көкшетау қаласында да күндіз тұман түсіп, көктайғақ болады.

12 желтоқсанда Қостанай облысында күндіз қар жауады. Кей жерлерде боран соғып, тұман түседі. Көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке ауысады. Күндіз жел қарқыны кей жерлерде 15-20 м/с болады. 

kazhydromet.kz

Хабарламаларға жазылу