6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

06.01.2015
6 қаңтарда еліміздің басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

Қазақстан аумағында фронтальдық ағындардың өтуіне байланысты қалың қар жауып, тұман түседі. Көктайғақ болып, жел күшейеді.

Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы 20-25 м/с-қа жетеді.

Қостанай облысында желдің күші  15-20 м/с-қа жетіп, күндіз боран соғады, түнде тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа жетеді.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында боран соғады, желдің жылдамдығы -15-20 м/с.

Атырау облысының кейбір аумақтарында тұман, көктайғақ орын алса, күндіз желдің екпіні - 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей аумақтарында көктайғақ, боран болып, күндіз  жел 15-20 м/с-қа   күшейеді.

Қарағанды облысында жел 15-20 м/с-қа жетіп, тұман, көктайғақ орын алады.

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстарының кей аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстанда тұман түседі.

Хабарламаларға жазылу