Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алдағы күндері ауа райы құбылмалы болады

29.10.2021

Бүгін бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды. Батыс Қазақстанның батысы мен солтүстігіне тұман түседі. Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында көктайғақ, ал солтүстігінде қатты ызғар жел соғады. Түркістанның тауларында нөсерлі жаңбыр жауып, тұман түседі. Шығыс Қазақстанда да тұман.

Солтүстік Қазақстанның басым бөлігіне қар жауады деп күтілуде. Өңірде келесі күні бұрқасын, арты көктайғаққа ұласуы мүмкін. Павлодар, Қостанай облыстарында тұманмен қоса жел тұруы ықтимал. Жамбыл аумағының тау беткейінде қатты жауын-шашын болады.


Хабарламаларға жазылу