Алматыда зілзаладан хабар беретін жаңа жүйе іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда зілзаладан хабар беретін жаңа жүйе іске қосылады

05.03.2024

Мемлекет басшысының тапсырмасынан кейін Алматыда жер сілкінісі жайлы хабар беретін жаңа жүйе іске қосылмақ. Оның айтуынша, бұл жүйе СМС-хабарламадан гөрі әлдеқайда тез жұмыс істейді.

Шыңғыс Әрінов, ҚР Төтенше жағдайлар министрі:

Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша барлық тіршілікті қамтамасыз ететін объектілер штаттық режимде жұмыс істеуде. Олжас Абайұлы, жер сілкінісін кез-келген төтенше жағдай сияқты алдын-ала болжау мүмкін емес. Осыған байланысты министрлік олардың алдын алу және халықты бірінші кезектегі әрекеттерге дайындау бойынша жұмыс жүргізуде.

Жер сілкінісін болжау мүмкін емес, сондықтан оған тек дайын болу керек деді министр. Жылдам хабар беретін жүйелердің орнатылуы да содан. Ал премьер-министр Олжас Бектенов үнемі сейсмологиялық мониторинг жүргізіп отыруды жүктеді. Оның айтуынша бұл жолы дабыл белгісі уақтылы іске қосылған. Айтарлықтай зардап келген жоқ. Десе де, түрлі қауіп қатерге дайын болуды тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Күштер мен құралдар сақадай сай болуға тиіс. Халықпен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жалғастыру қажет. Сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің таулы аймақтарында сел және лай көшкіні жүру қауіпіне қатысты тиісті мониторингті қамтамасыз етуі керек.


Хабарламаларға жазылу