Ерлан Қарин: Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Қарин: Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады

18.11.2022

Сайлауда мемлекеттік құрылымның жаңа моделі іске қосылады. Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің телеграмм парақшасында жазды. Айтуынша бұл сайлау елді дамыту жолындағы мазмұнды қоғамдық пікірталастарға серпін берді. Осы жексенбіде нақты бір кандидатқа дауыс беру ғана жүрмейді, қазақстандықтар маусым референдумында конституциялық контурларын бекіткен мемлекеттік құрылымның жаңа, анағұрлым демократиялық моделі іске қосылады», - деп жазды Ерлан Қарин. Сондай-ақ, Конституциялық реформаны заңнамалық қамту мақсатында қабылданған заңдардың бүгін күшіне енуі символдық тұрғыда маңызды. Мемлекеттік институттарды қайта жаңғыртудың келесі кезеңі – 2023 жылдың бірінші жартысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының алдағы сайлауы болады. Нәтижесінде жаңа, түбегейлі басқа саяси жүйе қалыптасады- деп жазды мемлекеттік кеңесші.  

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу