Келер жылы елде отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайтын цифрлық карта іске қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Келер жылы елде отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайтын цифрлық карта іске қосылады

25.07.2022

Келер жылы елде отбасының әлеуметтік жағдайын анықтайтын цифрлық карта іске қосылады. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарай, отбасы картасына тұрғындардың білім беру, экономикалық жағдайы, денсаулық сақтау, тұрғын үй мәселесіне байланысты мәліметі жиналады. Осы арқылы қиын жағдайға тап болған отбасы автоматты түрде анықталады. Демек, жаңа ақпараттық жүйе азаматтардың көмекке жүгінуін күтпестен, мемлекеттен материалдық қолдау көрсетуге мүмкіндік береді. Жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, асыраушысынан айырылу бойынша және өзге де төлемдер осы жүйе арқылы жүзеге асырылады.

Ақерке Бектас

Хабарламаларға жазылу