Ұлбыританияда миллиондаған адамның смартфонында дабыл қағылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлбыританияда миллиондаған адамның смартфонында дабыл қағылды

24.04.2023

Ұлбыританияда миллиондаған адамның смартфонында дабыл қағылды. Осылайша, корольдік үкіметі төтенше жағдайларды хабарлайтын жаңа ескерту жүйесін сынап көрген. Бұл жүйе өрт, су тасқыны және түрлі шабуылдар кезінде іске қосылады. Дабыл 10 секунд бойы қағылған соң, телефон қолданушыларға ешқандай әрекеттің қажет еместігі ескертілген. Әйтсе де кейбір азаматтар бұл сигналды естімеу үшін, оны алдын-ала тоқтатуға болатынын айтып отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу