Көлік салығын автоматты есептейтін жүйе іске қосылады

23.10.2020

Елде көлік салығын автоматты түрде есептейтін қызмет 15 қарашада дайын болады. Қазір бұл қызметке 7 мыңнан аса өтініш түскен. Салық мөлшерін өзі есептейтін жүйені Қаржы министрлігі жасап шығармақ. Ол тіркеуден шыққан көліктің бюджетке төленетін салығын есептеп, автомобиль иесіне ақпарат береді. Мәселен, былтырғы салығын 1 наурызға дейін төлеуі тиіс азаматтар елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты оны төлемей-ақ көлікті тіркеуден шығарған. Жүйе іске қосылса, салықтан жалтарғандар біршама азаяды.  

Ақерке Бектас


көлік салығы

Хабарламаларға жазылу