Анкарада қазақ суретшісінің жеке көрмесі ашылды
8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесіне орай Түркия астанасы Анкара қаласында қазақтың суретші қызы Замира Зереннің жеке көрмесі ұйымдастырылды. «Сұлулық сиқыры» көрмесіне суретшінің кенеп пен қағазға түрлі техникамен салған еңбектері қойылған. Бұған дейін әлемнің бірқатар елдерінде жеке көрмесін өткізген қылқалам шеберінің шығармашылығындағы негізгі кейіпкерлер - қазақ әйелдері. Түркиядағы Қазақстан елшілігінің қолдауымен көрмені «Көк ту» қазақ мәдени бірлестігі мен «Гөк йай» қоры бірлесе ұйымдастырған. Өнерсүйер қауым үшін көрме 8 наурызға дейін ашық болады.
Замира Зерен, суретші:
Бала күннен бастап сурет саламын. Сурет өнерінің негізі қара қаламмен бастадым. Кейін майлы бояумен жалғастырдым. Әйелді суреттеу менің жаныма жақын. Әртүрлі халықаралық көрмелерге қатысып келемін.
Нажи Хафаза, көрермен:
Бүгін өте ерекше көрмеге келіп тұрмын. Бірінен бірі өткен, әрқайсының мағынасы терең еңбектермен таныстым. Майлы, сулы бояулармен керемет суреттер салынған екен.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық домбыра күні: Астанада «Асыл мұра» концерті өтті
05.07.2026, 20:03
ӘЧ-2026: Футбол матчтарына 5 млн-нан астам адам келген
05.07.2026, 19:48
Астанадағы Ұлттық музейде Мұхтар Әуезовтің тоғызқұмалақ тақтасы бар
05.07.2026, 19:44
Жол апаты неге азаймай тұр?
05.07.2026, 19:42
Алғаш рет әкімшілік істер бойынша жауапқа тартылған азаматтарға рақымшылық жасалады
05.07.2026, 19:40
Құрылтай сайлауына партиялар кандидаттар тізімін бекіте бастады
05.07.2026, 19:32
Қос палаталы Парламент: 3,5 мыңға жуық заң қабылданды
05.07.2026, 19:31
«Ақ жол» партиясы Құрылтай депутаттығына үміткерлердің тізімін жариялады
05.07.2026, 13:30