БҰҰ: Газада балалар аштықтан өліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

БҰҰ: Газада балалар аштықтан өліп жатыр

05.03.2024

Газа секторының солтүстігінде балалар аштықтан өліп жатыр. Мұны Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы хабарлады. Оның дерегінше, Камал Адуан госпиталінде жексенбі күні 15 бала дұрыс тамақтанбау салдарынан жан тәсілім еткен.

Айта кетсек, бұл палестиналық анклавты Израиль армиясы қазанның 7-де Хамастың шабуылынан кейін бомбалай бастады. Содан бері Газа азық-түлік, дәрі-дәрмек, ауыз су, отын және энергия тапшылығынан зардап шегіп отыр. Сонымен қатар, соғыстан 30 жарым мың адам қаза тапты. Құрбандардың көбі - әйелдер мен балалар. Қарулы қақтығыстар кесірінен қазір Газаның теріскейінде шамамен 300 мыңдай адам ашаршылыққа ұшырап жатыр.

Ахмад Салем, «Камал Адуан» ауруханасының жан сақтау бөлімінің дәрігері:

Мен дәрігер Ахмад Салеммін. Камал Адуан ауруханасының жансақтау бөлімінде жұмыс істеймін. Балаларды көп қабылдап жатырмыз. Аз уақыттың ішінде 13 жеткіншектің дұрыс тамақтанбаудан өлгеніне куә болдық. Әрине олардың аналары да аштыққа ұшырап жатыр.


Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу