Таяу Шығыста 112 палестиналық қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыста 112 палестиналық қаза тапты

01.03.2024

Газа қаласында гуманитарлық көмек алу үшін жанталасқан адамдар шабуылға ұшырап, 112 палестиналық қаза тапты. Жараланғандар 760-қа жетіп отыр. Куәгерлердің сөзінше, жүк машиналарына жүгірген халыққа Израиль жауынгерлері оқ жаудырған. Алайда Израиль әскерилері бұны жоққа шығарып, танкілердің ескерту жасап, аспанға оқ атқанын мәлімдеп отыр.

Таяу Шығыста жаңа соғыс 7 қазанда хамастықтар Израильдің оңтүстігінде 1200 тұрғынды өлтіріп, жүздеген адамды кепілге алғаннан кейін басталды. Содан бері Израильдің Газаға жасап жатқан шабуылдарынан мерт болғандар саны бүгін 30 мыңнан асып кетті. Құрбандардың 21 мыңы - балалар.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу