Таяу Шығыстағы жағдай: Құрбандар саны өсті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Таяу Шығыстағы жағдай: Құрбандар саны өсті

09.10.2023

Таяу Шығыста қарулы қақтығыс өршіп тұр. Соғыс құрбандарының саны артты. Израильде 700-ден астам адам мерт болған. Марқұмдардың арасында өзге елдердің азаматтары бар. «Би-Би-Си»-дің хабарлауынша, Таиланд 12 азаматының қаза тапқанын растады. Ал Израильдің әуе соққысынан Газа секторында 500-ден астам палестиналық мерт болған. Жараланғандар саны 2700-ден асты. Израиль әуе күштерінің мәліметінше, Газа секторына жасалған әуе шабуылдарынан Хамасқа тиесілі 500-ден аса нысан жойылған. Соңғы мәліметтерге сай, Израиль Қорғаныс министрі Газаны толықтай блокадаға алуға бұйрық берді. Мұнда электр қуатын, азық-түлік және отын жеткізу тоқтады. Қазір Израиль танкілері мен әскері Газа секторымен арадағы шекара бойына шоғырландырылған. Құрлықта әскери операция басталуы мүмкін.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу