Израиль мен Хамас арасында соғыс басталғалы 48 журналист қаза тапқан - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Израиль мен Хамас арасында соғыс басталғалы 48 журналист қаза тапқан

20.11.2023

Таяу Шығыста Израиль мен Хамас арасында соғыс басталғалы 48 журналист қаза тапқан. Бұл туралы журналистерді қорғау комитеті мәлімдеді. Марқұм болған БАҚ өкілдерінің 43-і - палестиналық, 4-еуі - израильдік, 1-еуі ливандық.

Ал соңғы мәліметтерге сай, Газа секторының негізгі ауруханасы «әш-Шифадан» мерзімінен бұрын туған 31 нәресте эвакуацияланды. Шақалақтарды палестиналық Қызыл Крест пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мамандары қауіпсіз жерге көшірген. Уақыт шектеулі болғандықтан, халықаралық ұйымдардың өкілдері бұл госпитальде бір сағат қана болып, оны «ажал ордасы» деп атады. Сонымен қатар, олар аурухананың атқыланғанын және оның кіреберісінде 80-нен астам адам жерленген ортақ моланы көргендерін мәлімдеді. Айта кетсек, қазанның 7-де басталған соғыстан елде таза су, отын, дәрі-дәрмек, азық-түлік таусылуға жақын, аурухана жұмысын іс жүзінде тоқтатуға мәжбүр болып отыр.

Арай Төлеген


Хабарламаларға жазылу