Испанияда қаза тапқан палестиналықтарды еске алу шарасы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда қаза тапқан палестиналықтарды еске алу шарасы өтті

14.12.2023

Испания астанасы Мадрид мэриясының алдына жүздеген аяқ киім қойылды. Осылайша, жергілікті тұрғындар Израильдің шабуылдарынан қаза тапқан палестиналықтарды еске алды. Және де бұл акция қала басшысының Израильді Мадридтің құрмет орденімен марапаттауына наразылық білдіру үшін ұйымдастырылған. Айта кетсек, Таяу Шығыста соғыс қазанның 7-де басталды. Хамастықтар Израильдің оңтүстігіне басып кіріп, 1200-ден астам адамды өлтіріп, жүздеген тұрғынды кепілдікке алғаннан кейін жағдай ушықты. Содан бері Израильдің бомбалау операцияларынан Газа секторында 19 мыңға жуық палестиналық мерт болған.

  Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу