Испания фермерлері трактормен Мадридке енді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испания фермерлері трактормен Мадридке енді

23.02.2024

Испания фермерлері жүздеген трактормен ел астанасы Мадридке енді. Олардың айтуынша, бұл акция бюрократия мен мемлекеттен көмектің мардымсыздығына қарсылық ретінде ұйымдастырылып отыр. Жергілікті үкіметтің мәлімдеуінше, қалаға 500-дей трактордың кіруіне рұқсат етілді. Осы демонстрация салдарынан Мадрид орталығында көлік қатынасы айтарлықтай тежелген. Ақпанның 15-де Испания басшылығы елдегі бірнеше ауылшаруашылығы қауымдастығымен кездесу өткізіп, Еуропа одағының аграрлық саясатын жеңілдетуге және бағаны бақылауға алуға уәде берді. Бірақ бұл жауапқа риза болмаған фермерлер осы айдың 26-сы шеруді жалғастыратынын ескертіп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу