Польша фермерлері арзан импорттан қорғауды талап етіп, жолдарды бөгеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Польша фермерлері арзан импорттан қорғауды талап етіп, жолдарды бөгеді

25.01.2024

Польша фермерлері трактормен шеруге шығып, жанармай бағасын төмендетуді, түрлі шектеулерді азайтуды, өздерін арзан импорттан қорғауды талап етті. Осы базыналарын жеткізу үшін ауыл еңбеккерлері 170 жолды бөгеген. Айтуларынша, олар бүгінге дейін ұзақ уақыт үнсіз отырып, Франция мен Германиядағы әріптестерінің демонстрацияларынан шабыт алып, қарсылық акциясына шығуды жөн көрген. Премьер-министр Дональд Туск үкіметі болса, фермерлердің проблемаларын қарастырып, олардың «алаңдаушылығын абсолюттік минимумға» дейін төмендетуге уәде беріп отыр.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу