Поляк фермерлері Германияға баратын негізгі жолдарды бөгеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Поляк фермерлері Германияға баратын негізгі жолдарды бөгеп жатыр

26.02.2024

Поляк фермерлері Германияға баратын негізгі жолдарды бөгеп, Еуропа одағының саясатына наразылық білдіріп жатыр. Олар қарсылық акциясына 100 шақты трактормен шыққан.


Мұндай демонстрациялар қазір Францияда, Германияда, Испанияда, Италияда және тағы бас елдерде де тоқтамай отыр. Фермерлер Украинадан, Латын Америкасынан келетін арзан импортқа, шығындарының артуына, өнімдерінің құнсызданып бара жатқанына наразы. Және де олар түрлі құжаттардың көбеюі мен бюрократияны тоқтатуды талап етіп жатыр.

Айта кетсек, бүгін осы одақтың ауылшаруашылығы минстрлерінің кездесуі өтеді. Оның қарсаңында Еурокомиссия президенті Урсула фон дер Ляйен фермелерді тығырыққа тіреген проблемаларды жеңілдету жолдарын қарастыруға әзір екенін мәлімдеп отыр.

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу