Мадридте қарттар зейнетақыны өсіруді талап етіп, шеруге шықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мадридте қарттар зейнетақыны өсіруді талап етіп, шеруге шықты

16.10.2019

Испания астанасы Мадридте зейнеткерлер наразылық акциясына шықты. Олар биліктен зейнетақыны өсіруді талап етіп жатыр.  

Қариялар Бильбао және Рота қалаларында қыркүйектің 23-нен бастап шерулетіп, үш апталық марштан кейін Мадридке де жеткен. Демонстранттар 2017 жылы зейнетақының 0,25 пайызға артуын жеткіліксіз дейді. Олардың айтуынша, ақшаның құнсыздануына байланысты үстеме ақша әлдеқайда жоғары болуы тиіс.

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ 


Хабарламаларға жазылу