Франция фермерлері Парижді «қоршауға» трактормен бара жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Франция фермерлері Парижді «қоршауға» трактормен бара жатыр

31.01.2024

Франция фермерлері ел астанасына бет алды. Өздері мәлімдегендей, олар Парижді «қоршауды» мақсат етіп отыр. Ауыл еңбеккерлері табыстарының төмендігіне, экологиялық тараптардың көбеюіне және арзан импортқа наразылық білдіріп жатыр. Олар бұл акцияны бір апта бұрын бастап, жолдарды қайта-қайта бөгеді. Фермерлер өздерінің проблемалары ертең ашылатын Еуропа одағы саммитінде қаралғанын талап етуде. Айта кетсек, мұндай наразылық акциялары соңғы күндері Германия мен Бельгияда да өтті.

Арыстан Рысбек


Хабарламаларға жазылу