Кірістер комитеті пәтерді заңсыз жалға беретіндерді анықтауға қатаң түрде кірісті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кірістер комитеті пәтерді заңсыз жалға беретіндерді анықтауға қатаң түрде кірісті

21.02.2024

Кірістер комитеті пәтерді заңсыз жалға беретіндерді анықтауға қатаң түрде кірісті. Салықтан бас тартқандар 400 мың теңге көлемінде айыппұл арқалайды. Кірістер департементінің мәліметінше елімізде заңды түрде 80 мың 400 кәсіпкер тұрғын-үйді жалға беріп, табысының бір пайызын ғана мемлекетке аударып отыр. Ал егер пәтер иесі мемлекеттік қызметкер немесе әскери адам болса он пайыз көлемінде салық төлеуі тиіс. Былтыр кәсіпкерлерден бөлек 452 жеке тұлға үйін жалға беріп 51 млн 600 мың теңге салық төледі. Енді олардың жылдық табысына да шектеу қойылатын болды. 13 млн теңгеден аспауы тиіс.

Ерқанат Шыңберген, ҚР ҚМ МКК арнаулы салық режимі әкімшілендіру басқармасының басшысы:

Өте көп хабарландырулар бар. Өтірік жасалған. Әсіресе, көбінесе анау риелтор жасайтын. Сол себепті ол мәліметті қолдануымызға біздің құқымыз жоқ. Тек ресми мәліметті қолдануға құқымыз бар. + 00:36-00:49 Бұйрық бар, біздің және ішкі істер органдары арасында. Сол бұйрыққа сәйкес учасковыйлар дейді ғой, квартираларды аралап сондай фактілер анықтаған жағдайда тиісті мәліметтерді бізге береді.


Хабарламаларға жазылу