Елде заңсыз балық аулауға қатысты 640 дерек тіркелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде заңсыз балық аулауға қатысты 640 дерек тіркелді

17.06.2022

Заңсыз балық аулап, табиғатты қорғау заңнамасын бұзған 640 дерек тіркелді. Оның 392-сі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 63-іне қатысты сот тәртібімен айыппұл салынды.

Бүгін сәуірде басталған «Бекіре-2022» акциясы қортындыланды. Балық өнімдерінің заңсыз аулануы мен айналымын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге бағытталған дәстүрлі шараны Экология, геология және табиғи ресурстар, Ішкі істер министрлігі мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірігіп өткізген еді. Олар Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары су айдындарын қатаң бақылады. Нәтижесінде 471 құқық бұзушылық анықталды.

4 тонна балық, оның ішінде 154 кг бекіре , 229 балық аулау құралдары, 10 жүзу және 3 көлік құралы тәркіленді. Мемлекетке 1 жарым млрде теңге қайтарылды.

Сабыр Хасанов, ҚР ҰҚК шекара қызметі департамент басшысының орынбасары:

Акция шеңберінде шекара жасақтары 60 шағын кемеде 131 құқық бұзушыны ұстады.  4 мыңнан астам қызыл және қара балық суға жіберілді. Мемлекет қорына 1,5 млрд теңге қайтарылды.


Хабарламаларға жазылу