Мемлекеттік кірістер комитеті Абхазия және Осетиядан көлік сатып алатындарға ескерту жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекеттік кірістер комитеті Абхазия және Осетиядан көлік сатып алатындарға ескерту жасады

26.04.2021

Енді Армениядан соң, көлікті елімізге Абхазия мен Оңтүстік Осетиядан әкелетіндер көбейген. Бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті өкілдері осыған қатысты мәлімдеме жасады. Айтуларынша машинаны кедендік төлемдер төлемей, бастапқы мемлекеттік есепке қоймай ел аумағында заңсыз пайдаланатындарға жаза бар. Қазір мұндай автокөліктерді Ресей арқылы елімізге уақытша деп кіргізіп, сенімхат арқылы жүргізіп жүргендер көбейіп жатыр. Осыған орай Мемлекеттік кірістер комитеті абхазиялық көліктерді елімізде заңды түрде тіркеуге шақырып отыр.

Айнұр Сартаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті басқарма басшысының орынбасары:
Ол үшін Абхазия және Оңтүстік Осетиядан әкелінген автокөлік құралдарын кедендік тазартудан өткізіп, яғни кедендік баждар мен салықтарды төлегеннен кейін ғана пайдалануға болады.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу