Өзбекстанда кәсіпорында апат болып, 3 адам көз жұмды
Өзбекстандағы ірі кен орнында апат болып, 3 адам көз жұмды. Тағы 29 жұмысшы зардап шеккен. Бұл туралы елдің төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады. Оқыс жағдай таңғы сағат 08:00 шамасында тіркелді. Алмалықтағы тау-кен металлургия комбинатының мыс өңдеу зауытында темір конструкциялар қираған. Алдын ала болжамға сай зауыттың шатыры қалың қарды көтере алмай опырылып түскен. Сол сәтте нысанның ішінде ондаған жұмысшы болған. Ресми органдардың хабарлауынша қаза тапқандар шетел азаматтары.
«Апат салдарынан Үндістан елінен келген үш жұмысшы қаза тапты. 29 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген. Тағы 4 азаматқа тиісті медициналық көмек көрсетілді. Оқыс оқиғаның себебін анықтап, салдарын жою үшін жедел жұмыс тобы құрылды. Зардап шеккендерге көмек көрсету шаралары қарастырылып жатыр».
Өзбекстан Республикасы төтенше жағдайлар министрлігі
Базаркүл Отыншиева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ерлан Қарин: Мемлекеттік сыйлық – тұлғаға емес, туындыға берілетін сыйлық
01.11.2026, 21:24
Халық пікірі: Жолдауда мұғалімдер мәртебесіне ерекше назар аударылды
01.11.2026, 20:00
Мемлекет басшысы келесі жылы «Балқаш» АЭС-інің құрылысын бастауды тапсырды
01.11.2026, 20:00
Еуропа мен Азия арасындағы жүк тасымалы: Қазақстанның мүмкіндігі қандай?
01.11.2026, 20:00
Жолдау: Депутаттар өңірлерді аралап, тұрғындармен кездеседі
01.11.2026, 20:00
Ең төменгі жалақының өсуі 1,8 млн азаматтың табысына әсер етеді
01.11.2026, 20:00
Бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің жалақысы өсуі мүмкін
01.11.2026, 20:00
Түркі елдерінің басшылары Анкарада бас қосты: Саммитте қандай мәселелер талқыланды?
01.11.2026, 20:00