Қытай билігінің құжаттары қатарында қазақтардың да мәліметтері бар - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай билігінің құжаттары қатарында қазақтардың да мәліметтері бар

21.02.2024

Қытай билігінің құжаттары қатарында қазақтардың да мәліметтері бар. Мұндай ақпарат әлеуметтік желіде тарады. Кейбір БАҚ өкілдерінің дерегінше, бейнематериалдағы тізімде отандық байланыс операторларының клиенттері көрсетілген.

Тыңшылық платформада азаматтардың ұялы телефон нөмірлері, тұрғылықты жерлерінің мекенжайы бар. Тіпті құпия ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайды анықтау үшін Цифрлық даму министрлігі тексерісті бастағандарын мәлімедеді.

ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі:

Құзіретті органмен бірлесіп, сараптама жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта мән-жай анықталады, таратылып жатқан ақпарат фейк болуы да мүмкін.
Кибершабуылдарды талдау және тергеу орталығының болжамынша, қытайлық кибершпиондардың тыңшылық әрекеттеріне 2 жылдан асты. Мұндай жағдайға біз ғана емес ондаған мемлекет зардап шегіп отырғанын алға тартты. Мамандар елімізде киберқауіпсіздік агенттігін құру керек дейді.

Қанша хакердің біздің деректерімізді біліп, кибершабуыл жасағанын анықтау қиын. Мұның бәрі жүйесіз әрекеттердің нәтижесі. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті цифрландыру министрлігіне бағынады, сондықтан оның қауқары осал болады. Қазіргі жағдайларды назарға ала отырып, елімізде ешкімге бағынбайтын Киберқауіпсіздік агенттігін құру керек.

Хабарламаларға жазылу