Алаш қозғалысын зерттеуге жастар құлшыныс танытып келеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алаш қозғалысын зерттеуге жастар құлшыныс танытып келеді

24.11.2017

Мәселен, «Алаш – қазақтың ұлттық тұтастық идеясы» атты халықаралық конференция қарсаңында жастардың атынан 150-ге тарта еңбек келіп түскен. Мұның қатарында шетелдік студенттер де бар. Қазір Алаш қозғалысына қатысты зерттеулер өте аз. «Сондықтан да жастардың белсенділігі қуантады», - дейді тарихшылар. Осы тұста мамандар  тек биылғы 100 жылдық аясында ғана емес, жылдар бойы қарастырар мәселе өте көп екенін алға тартты. Жиын аясында ерекше көрме көпшілік назарына ұсынылды. Онда Голощекинге хат жазған бесеудің бейнесін айнытпай келтірген кескінге куә боласыз. Сондай-ақ, Мұхтар Әуезов пен Сәкен Сейфуллиннің шапаны, Алаш зиялыларының құжаттары мен  қолданған ыдыстары қойылған. 

Хабарламаларға жазылу