Қытай билігі құжаттары қатарында қазақтардың мәліметтері бар: Бұл кибершпиондардың тыңшылық әрекеті ме? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай билігі құжаттары қатарында қазақтардың мәліметтері бар: Бұл кибершпиондардың тыңшылық әрекеті ме?

21.02.2024

Қытай билігінің құжаттары қатарында қазақтардың да мәліметтерінің бары-рас. Кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығы кешелі бері қоғамда резонанс тудырған қытайлық кибершабуыл бойынша осылай деді. Айтуларынша, шет елдік тыңшылар азаматтардың жеке деректерін алып, тінту үшін түрлі зиянкес бағдарламаларды пайдаланған. Орталықтың бағалауынша, хакерлік топ екі жылдан астам уақыт бойы отандық байланыс операторларының маңызды инфрақұрылымын толық бақылап келіпті. Сондай-ақ, мамандар Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры, Air Astana, Қорғаныс министрлігінің де пошта серверлеріне шабуыл жасалғанын айтты.

Олжас Сәтиев, кибершабуылдарды талдау және зерттеу орталығының директоры:

Кибер шабуылдың жасалғаны - фейк емес. Рас. Біздің зерттеуімізше, олардың тыңшылық әрекеттеріне шамамен 2 жылдан асады. Хакерлер операторлардың хронология журналын, қоңырау ұзақтығы, IMEI құрылғылары және қоңыраулар биллингтерін қадағалаған. Біздің елде киберқауіпсіздік саласына тым аз ақша бөлінеді. Жалпы айтпағым, бізде жеке Киберқауіпсіздік агенттігі құрылу керек. 

Цифрлық даму министрлігі бұған дейін осы жағдай бойынша тексеру жүріп жатқанын хабарлаған еді. Ал, Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының мәлімдеуінше, азаматтардың дербес деректерінің тарап кетуі шындыққа жанаспайды.

Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорының баспасөз қызметі

БЖЗҚ қауіпсіздік қызметтері GitHub сайтында жарияланған деректерге егжей-тегжейлі талдау жүргізді. Соның нәтижесінде жарияланған каталогта сайттың enpf.kz деген сипаттамасы ғана көрсетілгені анықталды. Сайт ақпараттың ашық көзі әрі салымшылар мен алушылардың дербес деректерін қамтымайды.

Мәжіліс қабырғасында депутат Екатерина Смышляева осы мәселені көтеріп, Премьер-министрге сауал жолдады. Оның сөзінше, елімізде мұндай келеңсіз оқиғалар жыл сайын орын алады. Яғни, Қазақстанда дербес деректерді қорғау үшін жөнді жұмыстар атқарылмай келеді дейді. Сондықтан, Мәжілісмен киберқауіпсіздікті күшейтуді қолға алуды ұсынды

Хабарламаларға жазылу