Мұнай бағасы қайта арзандай бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мұнай бағасы қайта арзандай бастады

09.11.2022

Ал мұнай бағасы қайта арзандай бастады. Бренттің құны 5 долларға түсіп, қазір 94 доллардан сатылып жатыр. Сарапшылар бұған Қытай билігінің коронавирусқа қарсы карантин талаптарын күшейтеміз деген мәлімдемесі себеп, дейді. Өйткені бұл қара алтынға сұранысты азайтып жіберуі мүмкін. Оның үстіне АҚШ-та мұнай қорының ұлғаюы да құнның құлдырауына түрткі. Валюта бағамына тоқталайық. Бүгін теңге долларға шаққанда сәл арзандады. Қазір АҚШ валютасы 465 теңге 70 тиын, еуро 456 теңге, рубль 7 теңге 60 тиын.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу