Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына - 80 жыл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына - 80 жыл

08.02.2024

Биыл мажарстандық қыпшақтанушы ғалым, танымал қоғам қайраткері, түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің туғанына 80 жыл.

«Қыпшақтың шырақшысы» аталып кеткен ғалымның еңбегін насихаттау мақсатында Алматыда конференция өтті. Салтанатты шараға ғалымдар, тарихшылар, этнографтар қатысты.

Иштван Қоңыр 1944 жылы Мажарстандағы Дунай мен Тисса өзенінің аралығында орналасқан Кішіқұман аймағында дүниеге келген. Ол әкесінің айтқан өсиетімен түп-тамырын іздеп, ұлы даланың тарихын зерттеген. Сондай-ақ, түркі халықтарының фольклоры мен әдебиетін аудару, зерттеу, насихаттау ісінде көп еңбек сіңірген. 48 жасында дүние салған Қоңырдың сүйегі өз өсиеті бойынша қазақ жеріне – Алматыдаға жерленген.

Ерден Қажыбек, халықаралық «Қазақ тілі академиясы» мен халықаралық түріктану орталығының президенті:

Бізде қазақ тіліне тыйым салынған кезде, орыстандыру саясаттының қылышынан қан сорғалап тұрған кезде бізге келіп қазақша сөйлеп, біздің алаш арыстанымызды жүрген жерде айтып, оларға қатаң тыйым салынған кезде Қоңыр өте көп рухты ояту, сананы жаңғырту мәселелері бойынша өте көп үлес қосты деп айту керек.

Әйгерім Ердәулет


Хабарламаларға жазылу