Түркі академиясы кітапханасы жаңа кітаптармен толықты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Түркі академиясы кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

21.12.2015
Түркі академиясы кітапханасы жаңа кітаптармен толықты
Түркі академиясы кітапханасы жаңа кітаптармен толықты

Халықаралық Түркі академиясының кітапханасы жаңа кітаптармен толықты. Бүгін кітапханаға бірқатар түркітанушы ғалымдардың еңбектері табыс етілді.

Атап айтар болсақ, белгілі ғалымдар Әбдуали Қайдар, Рабиға Сыздықова, Әбжан Құрышжанов сынды ғалымдардың еңбектерімен қатар, мажар ғалымы Иштван Қоңыр Мандокидің қолжазбалары да кітапханаға берілді.

Сонымен қатар, «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Асқар Мырзахметовтың бастамасымен бес жылдан бері жарық көріп келе жатқан «Қазыналы Оңтүстік» көптомдығының 311 томы да кітапханаға берілді. Бұл көптомдық 500 томнан тұрады.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу