Астанада Мандокидің мұрасына қатысты форум өтеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Мандокидің мұрасына қатысты форум өтеді

24.09.2014
Астанада Мандокидің мұрасына қатысты форум өтеді

25 қыркүйек күні Астанадағы  Бейбітшілік және келісім сарайында «Мандоки Қоңыр Иштван мұрасы: Ұлы далада ұрпақтар үндестігі» атты халықаралық форум басталады.

Мажарстандық түркітанушы ғалым, қоғам қайраткері Мандоки Қоңыр Иштванның туғанына 70 жыл толуына арналған алқалы мәжілісті Халықаралық Түркі Академиясы ұйымдастыруда.

Жиынға 8 елдің атақты ғалымдары, халықаралық ұйым өкілдері және марқұмның жары Оңайша Мақсұмқызы мен ұлы Атлан қатысады.

Шара барысында көрнекті ғалымның 16 мыңнан астам жеке кітап мұрасын академияның кітапханасына тапсыру рәсімі болады.

Басталуы:  09.30-да

Фото: Turkic academy Faсebook-тегі парақшасынан алынды

Хабарламаларға жазылу