Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен Еуропадағы қазақ азаматтары құттықтады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен Еуропадағы қазақ азаматтары құттықтады

17.12.2014
Қазақстанды Тәуелсіздік күнімен Еуропадағы қазақ азаматтары құттықтады

Ұлық мерекені дүркіретіп тойлап жатқан Еуропа қазақтары да қандастарын Тәуелсіздік күнімен құттықтайды.

Жафар Тастемір, Нидерландтағы қазақ диаспорасының өкілі:

Тәуелсіздік күні құтты болсын! Қазақ еліміз аман болсын. Өзім де Қазақстанға жылда барамын. Өркендеген, жақсы еліміз. Еліміз дами берсін. Алға, Қазақстан!

Оңғайша Мандоки, Иштван Қоңыр Мандокидің жары, түркітанушы ғалым:

Елбасының бұған дейін қазақ халқы үшін жасаған қызметтерін, қолынан келгенін аямай, бүкіл халықтың, қазақ халқын шетелге керемет қылып көрсетті ғой.

Сол кісінің арқасында біздер қай елге барсақ та қазақтың кім екенін біледі.

Қазақ халқы өте дарынды, талантты, қайда барса да сол елге сіңіп, әдебиетін, мәдениетін, өздерінен артық біліп алып кететін халық.

Ақмарал Әмірқұлова, Бельгиядағы қазақтардың «Шаңырақ» ұйымының төрайымы:

Елбасына рахмет. Сол кісінің арқасында қазақ деген ұлтымыз бар екенін бәрі біліп келеді. Астанаға да рахмет, Астананы үлкен қала қылып, көркейтіп жібергеніне.

Қазақстан десең елдің бәрі Астана, иә, білеміз, Назарбаев, дейді. Соған қуанып, кеудеміз толып, мақтанып айта аламыз.

Мұстафа Қаражігіт, Нидерландтағы қазақ диаспорасының төрағасы:

Бәріміз елімізді, атамекенді сағынамыз. Қазақ баласы қайда жүрсе аман жүрсін. Бәрі аман болсын! Біздің көңіліміз Қазақстан!

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу