Алматыда лай көшкіні жүрді: 4 адам іздестіріліп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда лай көшкіні жүрді: 4 адам іздестіріліп жатыр

08.02.2024

Алматының таулы аймағында лай көшкіні жүріп, техногенді жағдай орын алды. Апаттың салдарынан 4 адам үйінді астында қалған. Оқиға орнында төтенше жағдайлар мамандарымен бірге әріптесім Қуан Нұрақын да жүр. Тікелей қосылымға шығып, мән-жайды баяндап береді.

Қуан Нұрақын, тілші:

Апат түнгі 02:20 шамасында Медеу ауданына қарасты «Тау-самалы» ықшам ауданында болған. Дәл оқиға болған жерге қазір тілшілер тобын өткізбей тұр. Өйткені, қауіп әлі де бар. Лай көшкіні салдарынан бір үй түгел, ал екінші үй жартылай зақымдалған. Алдын-ала мәлімет бойынша бір үйде 4 адам болуы мүмкін, оның екеуі бала. Қазір адамдарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр. Төтенше жағдайлар депаттаменті маманын жазып алған ек, тындап көрейік.

Бекболат Бұғабаев, қалалық төтенше жағдай департаментінің өкілі:

Оқиға орнында Алматы қаласында жедел штаб құрылды. Онда «Қазсселденқорғау» мекемесі, Алматы қаласы "109 құтқару қызметі" Республикалық жедел-құтқару жасағы, Алматы қ. ТЖД, жедел жәрдем бригадасы, Медеу ауданы әкімдігінен жалпы 170 адам және 34 бірлік техника жұмыс істеп жатыр.+Алдын-ала ақпарат бойынша үйде 4 адам, оның ішінде екі бала болуы мүмкін. Жақын маңдағы үйлердің тұрындары эвакуациянады.

Қуан Нұрақын, тілші:

Оқиға орнына қала әкімі Ерболат Досаев та жетті. Сол жерде қала басшысы бүлінген ғимараттарды аралап, шұғыл көшпелі кеңес өткізді. Оның тапсырмасы бойынша болған оқиғаның себептерін тексеру және лай көшкіні салдарын жою бойынша арнайы топ құрылды. Режиссерлер әкімнің сұхбатын қоссаңыздар.

Ерболат Досаев, Алматы қаласының әкімі:

Түскені 3200-дей жер. Қазір осы көшкін астында қалған жекеменшік үй, оның ішінде енді көршілерден сұрағанымда 4 адам, әке-шешесімен екі бала деп жатыр. 03:00-ден бастап ТЖД мен аудан әкімдігі қала службасы осында жұмыс істеп жатыр.

Апаттан кейін жақын маңдағы үйлердің тұрғындары бірден нөмірі 47-ші мектепке эвакуацияланған. Бірақ сәлден соң олар туыстарының үйіне кеткен. Айта кетейін, төтенше жағдайлар департаменті сел қауіпі әлі де сақталады дейді.

Қуан Нұрақын


Хабарламаларға жазылу