Шри-Ланкадағы лай көшкіні жүздеген адамның өмірін қиюы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Шри-Ланкадағы лай көшкіні жүздеген адамның өмірін қиюы мүмкін

22.05.2016
Шри-Ланкадағы лай көшкіні жүздеген адамның өмірін қиюы мүмкін

Іздеу-құтқару жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Лай көшкіні әсіресе Коломбо округіне қатты зардабын тигізген. Жергілікті биліктің мәліметінше, табиғат апатынан мыңдаған адам зардап шеккен. 300 мыңға жуық адам өз үйлерін тастауға мәжбүр болған, деп жазады шетелдік БАҚ.

Айта кетейік, Шри-Ланкада лай көшкіні жиі болады. Жауын мол түсетін мамыр айынан желтоқсанға дейін аралдың шығысы мен оңтүстік-шығысында лай көшкіні қаупі жоғары.

Хабарламаларға жазылу