Ақтөбе облысында боран соғып, оқушылар қашықтан оқытуға көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында боран соғып, оқушылар қашықтан оқытуға көшті

07.02.2024

Ақтөбе облысында боран соғып, өңірдегі білім беру ұйымдары қашықтан оқытуға көшті. Республикалық маңыздағы Ақтөбе-Атырау-Астрахань және Самара-Шымкент тас жолдары барлық көлік түрлері үшін жабылды. Соңғы тәуліктерде Хромтау және Әйтеке би аудандарының аумағында көліктер көптеп жиналып қалды. Бұған дейін әлеуметтік желі арқылы жолаушыларға бір бөлке нанның 1 300 теңгеден сатылып жатқаны туралы хабарланған еді. Алайда, оны әкімдік өкілдері жоққа шығарды.

Қостанай облысы халқын да, боран әлекке салып тұр. 24 адам қар құрсауынан құтқарылды. Оның сегізі бала. Жолда қалғандар арасында медициналық көмекке жүгінгендер жоқ. Жалпы облыс аумағында өткен тәулікте 4 құтқару операциясы жүргізілген. Бүгінде жел мен қатар қар жауып тұр. Осыған байланысты бірнеше бағыттағы жолдар жабылды.

Жақсыбек Кемал

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу