Түркістан облысында түз тағысы малшыларға маза бермей жатыр
Түз тағылары малшы ауылдарға маза бермей тұр. Топтасқан жыртқыштар Отырар ауданындағы елдімекендердің жайылымда жүрген төрт түлігіне шапқан. «Сырдария өзенінің жағасынан күн сайын малдың өлексесін тауып алып жатырмыз», - дейді ауыл тұрғындары.
Қыстақтардағы малшылар да түз тағыларының жылқылар мен ірі қараларға ауыз сала бастағанын айтады. Жергілікті халық аш бөрілер мен шибөрілерді өздігінше ата алмай отыр. Себебі олардың жүретін аумағы «Сырдария-Түркістан» ұлттық паркіне қарайды. Онда оқ атуға тыйым салынған. Көкжалмен күресуге шамасы жетпеген шаруалар енді жергілікті биліктен көмек сұрап отыр. Қазір ауданда осы жағдайға байланысты арнайы штаб құрылып, жыртқыштарды атуға рұқсат алу мәселесі қаралып жатыр.
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қызылордада бәйгеден ел чемпионатының алғашқы кезеңі өтті
14.04.2026, 10:24
Қазақ пен қырғыз өнері бір алаңда: «Нұр шашу» көрмесі ашылды
14.04.2026, 10:22
Жетіген Бельгияның корольдік мұражайына табысталды
14.04.2026, 10:21
Ресейге кіру тәртібі өзгереді
14.04.2026, 10:20
2029 жылға дейін коммуналдық инфрақұрылым толықтай автоматтандырылады
14.04.2026, 10:19
Астанада Үкімет отырысы басталды
14.04.2026, 10:18
Жетісу облысында жыл басынан бері 18 заңсыз ағаш кесу фактісі тіркелді
14.04.2026, 10:18
БҚО-да 2 мыңнан астам киік өлексесі жойылды
14.04.2026, 10:17