Оралдағы балабақшада балалардың үстіне шкаф құлады
Орал қаласында балабақшада шкаф құлап, 4 бала мен тәрбиеші жарақат алды. Оқиға түске дейін «Sabi» жеке балабақшасында болған. Бүлдіршіндердің киімі мен керек-жарағы салынған биіктігі екі метрдей шкаф оқыстан құлаған. Тәрбиеші қалқалап үлгергенімен, 4 бала астында қалды. Бәрі де жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілді. Бес жастағы қыз балалардың кеуде тұсы мен білек-қолы жеңіл жарақаттанған. Дәрігерлер қарап, үйлеріне жіберді. Аяғын жарақаттаған 47 жастағы тәрбиешіге амбулаториялық ем тағайындалды. Оқиға орнына полиция барып, мән-жайды анықтап жатыр. Балабақшада 125 бала тәрбиеленеді. 30-ға жуық қызметкер жұмыс істейді.
Зәуре Қуанышқалиева, балабақша әкімгері:
Қазір балабақшада қызметтік ішкі тексеріс жүріп жатыр. Қазір мен сол жақтан келіп жатырмын. Ата-аналарға балаларды тапсырып, тексеріп. Скорыймен, обследование жасатқызып келдім. Балалардың жағдайы жаман емес, жақсы. Ондай қатты жарақат алған жоқ балалар.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Нетаньяху Газаға қатысты бейбіт жоспарды қабылдаған жоқ
10.08.2026, 20:37
Абайдан қалған қазына
10.08.2026, 20:15
СҚО-да 25 инвестициялық меморандумға қол қойылды
10.08.2026, 20:13
Елімізде қолдан ақша жасайтындар азайды
10.08.2026, 20:10
Жазғы Азия ойындарына Қазақстаннан 500-ге жуық спортшы қатысады
10.08.2026, 20:09
Алматыда 7 жарым мың тұрғын жаңа пәтерге көшіріледі
10.08.2026, 20:08
«Болашақ ойындары-2026»: 453 млн қаралым жиналды
10.08.2026, 20:07
7 өңірге қоныс аударып, 7 млн теңге алуға болады
10.08.2026, 20:06